Оқиға

Ақмола облысында сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақмола облысында әскери бөлімді тастап кеткен сарбаз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 12-де кешкі сағат 21:00 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері хабарласқан. Ол мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқтығын айтқан.

 

Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз Д.Ф.Артықбаев 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген. Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен.

 

«Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», - деп атап өтті ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

 

Қазіргі кезде жоғалған сарбаздың қайда екені белгісіз, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

 

 

 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31