Оқиға

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған кәсіпкер іздестірілуде

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 37 жастағы кәсіпкерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат   тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 25-інде Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын, 32 жастағы әйел хабарласып, күйеуін іздеп табуға көмек сұраған.

 

Айтуынша, күйеуі 37-і жастағы Руслан Серікұлы Имандинов мамырдың 25-інде сағат 13:00 шамасында «Toyota Estima Lucida» көлігімен Щучье қаласына жұмыстарымен кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

 

«Тәртіп сақшыларына ер адамның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны ғана белгілі. Әйелі алдымен өзі күйеуін іздеп көрді, одан нәтиже шықпаған соң полицияға хабарласты», - дейді ведомстводан.

 

Русланның бойы 170-180 см. Дене бітімі орташа, басы тақыр. Үстіне сұр түсті шорты, қара футболка, аяғына қара крассовка киген.

 

Оны іздеуге ПД жеке құрамы тартылып, таныстары мен туыстары, көршілері және куәгерлерінен сұрастыруда.

 

Полиция қызметкерлері Русланның жүрген жеріне қатысты қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуын сұрайды.

 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 16:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31