Оқиға

Ақмола облысындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

  • https://www.kazpravda.kz/

    https://www.kazpravda.kz/

Қорғаныс министрлігі Ақмола облысындағы әскери бөлімнен сарбаздың қашып кеткені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жауынгер бір тәулік ішінде табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 12 қарашада Ақмола гарнизонының 55209 әскери бөлімінде кешкі тексеру кезінде қатардағы жауынгердің болмағаны анықталған.

 

Сарбаз Қарулы күштер қатарына 2021 жылдың қараша айында шақырылған.

 

Әскери бөлім командирі жігітті табу үшін қажетті шараларды қолға алған.

 

"Әскери қызметкер бір тәулік ішінде табылды, оның денсаулығына қауіп жоқ. Аталған факті бойынша әскери полиция органы тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлайды ведомстводан.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін 21 жастағы жігіт Ақмола облысы Ақкөлдегі 55209 әскери бөлімінен өз еркімен кетіп қалғанын жазған едік.

 

Оны іздеу үшін әскери бөлім мен полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру топтары құрылған болатын.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 22:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31