Ақмола облысындағы төтенше оқиға
Ақмола облысы Астрахан ауданында түнде "Айна-ресурс" ЖШС шахтада 100 метр тереңдікте тау-кен массасы құлады. 29 және 30 жастағы екі ер адам ауыр жарақат алды, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Астраханка ауылының өрт сөндіру бөліміне Жалтыр ауылдық округінің әкімі хабарласты. Ол Ақбейіт ауылында медицина қызметкерлеріне адамдарды құтқарып, эвакуациялауға көмек қажет екенін айтты.