Оқиға

Ақмолада келіншек енесінің ақшасын онлайн-ойындарға аударған

  • https://www.bbc.co.uk/

    https://www.bbc.co.uk/

Ақмолада енесінің ақшасын онлайн-ойындарға аударған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Мұндай ұрлықтың тағы бір фактісі Степногорск қаласында тіркелді.

 

Ағымдағы жылдың 12 мамырында жергілікті полиция басқармасына 57 жастағы әйел арызданған.

 

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 30 наурыз бен 12 мамыр аралығында белгісіз тұлға “Халық Банк” қосымшасының көмегімен оның банктік шотынан 81,5 мың теңге сомасында ақша қаражатын аударған. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жәбірленуші дереу полицияға хабарласуды шешті.

 

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары өз кінәсін толық мойындаған 35 жастағы әйелді анықтады.

 

Күдікті жәбірленушінің келіні болғаны белгілі болды.

 

Наурыз айының соңында әйелдің барлық құжаттарына қол жеткізген келіні өзінің телефонына қайын енесінің шоттарына банк қосымшасын орнатып, онлайн-ойындар ойнай бастаған, осылайша жұмсалған ақшаны көбейткісі келген.

 

Полиция департаменті осындай фактілердің алдын алу мақсатында тұрғындарды мұқият болуды, жеке құжаттардың, банк карталарының CVV-код пен парольдерін, дербес деректерін мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы беруге болмайтындығын ескертеді.

 

 

 




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 19:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30