Оқиға

Ақмолада пойыз қағып кеткен ер адам көз жұмды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысының Ерейментау ауданы аумағында жүк пойызының астына түскен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға 30 қаңтарда сағат 21:32 шамасында Павлодар жол бөлімшесінің Ерейментау стансасында орын алған.


«Теміржолдың үстінде бөгде адамның жүргенін байқаған жүк пойызының машинисі дабыл қағып ескерткен және шүғыл тежегішті басқан. Алайда ауыр көлік тоқтап үлгермей ер адамды пойыз астында қалған. Ер адам түрлі дәрежедегі дене жарақатымен аурханаға жатқызылды. Бастапқы мәлімет бойынша зардап шегуші мас күйде болған. Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, оқиға бойынша Ерейментау стансасының Ішкі істер желілік бөлімі тергеуді бастады», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіндегілер.


Ал Ерейментау аудандық орталық аурханасының дәрігерлері берген мәліметке қарағанда ер адамның жасы 50-лер шамасында. Аты-жөні белгісіз. Дәрігерлер жедел қызмет көрсеткенімен өміріне араша түсе алмады. Ер адам араға бірнеше сағат салып жансақтау бөлімінде көз жұмған.


 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30