Оқиға

Ақмолалық әйел танысының бетіне сірке қышқылын шашып жіберген

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

Отырыс кезінде сөзге келіп қалған Ақмола облысының тұрғыны танысының бетіне сірке қышқылын шашып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, наурыздың 14-де Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғынның «көздің сірке қышқылымен химиялық күйігі» диагнозымен жеткізілгендігі туралы хабар түсті.

 

«Шақыру бойынша барған полиция қызметкерлері зардап шегуші ер адам мен оның танысының бірлесіп спирттік ішімдік ішкенін, артынша екеуара жанжал шығып, танысы ер адамның бетіне сірке қышқылының ерітіндісін шашқанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті жақын маңдағы ауылдардың бірінде тұратын 54 жастағы әйел болып шықты. Қаскүнем әйел жасаған қылмысын мойындады», - деді ведомстводан.

 

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 107 бабының 1 бөлігі «денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Ақмола облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтуде. Бұл ретте, алкогольдік ішімдіктерді ішу, сондай-ақ, әртүрлі профилактикалық есептерде тұратын тұлғаларға ерекше назар аударылуда.

 

«Қазіргі кезде 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, олардың 270-тен астамы-спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде жүруге қатысты», - деп толықтырды ведомстводан.

 

 

 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 01:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31