Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген

03 маусым 2022, 20:10

Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақкөл қаласының 37 жастағы тұрғыны 23 сәуірде жергілікті полиция бөліміне жүгінген.

 

Ер адамның айтуынша, белгісіз тұлғалар оның атына микроқаржы ұйымдарының бірінен ақшалай несие рәсімдеген.

 

Бұл дерекке қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу бастаған. Осы қылмысты ашу және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар кешенін өткізген.

 

Қабылданған шаралар нәтижесінде жедел уәкілдер онлайн-несиені шағым иесі елордада жүргенде өзі рәсімдегенін анықтаған.

 

Тергеу аясында полицейлер оның алаяқтық дерегі бойынша полицияға жүгінуінің себебі неде екенін анықтап жатыр.

 

Өзінің айтуынша, несиесі барып ұмытып кеткен, кейін төлеуі керегін білгенде, алаяқтардың құрбаны болдым деп полицияға жүгінуді шешкен.