Оқиға

Ақсай қаласында тамақтан ұшынған адам саны 9-ға жетті

  • Көрнекі фото.  https://zhaikpress.kz/

    Көрнекі фото. https://zhaikpress.kz/

Ақсай қаласында тамақтан жаппай ұшынған адамдар саны 9-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Осыған дейін Ақсайда 6 адам тамақтан ұшынып, ауруханаға түскен болатын болатын. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нақтылағандай, өткір гастроэнтероколит деген күдікпен барлығы 9 адам дәрігерге жүгінген.

 

Бұлардың алтауы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне, соның ішінде екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған.

 

Қазыр науқастардың барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр.

 

Сонымен қатар 3 адам амбулаторлық ем алуда. Олардың барлығының жағдайы орташа ауыр.

 

Бөрлі ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексерген кезде компанияның 7 қызметкері 10 мамыр күні Қарашығанақ газ-мұнай конденсаты кенішінде орналасқан асханалардың бірінде кешкі тамақ ішкені анықталды.

 

Екі қызметкер тамақты үйге алып кеткен. Соның салдарынан отбасының екі мүшесі ұшынды.

 

«Ауруханаға түскен кезде науқастардың бәрі іші өтіп, құсқаны, дене қызуының көтерілгені жөнінде айтып шағымданған. Қазіргі таңда аталған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеру басталды, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады ведомстводан.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 22:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30