АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

21 ақпан 2022, 17:30

АҚШ-та қазақстандық қыз белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

 

"Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан азаматы белгісіз жағдайда қаза болды. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған", - делінген хабарламада.

 

Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.

 

Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста, деп атап өтті ведомстводағылар.

 

 

 

sputnik.kz