Ақсуда әйел адам жоғалып кетті

01 сәуір 2022, 12:12

Сәуле Вайсова үйден шығып кеткен, содан бері туыстары мен достары оның қайда екенін білмейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

- Ақсу қаласында 4 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен әйел адам іздестірілуде. Хабар-ошарсыз кеткен азаматша туралы  ақпарат түскен кезде еріктілер бірден  оның отбасымен бірге іздестіруге кірісті. Оның   болуы мүмкін орындар пысықталуда, бағдарлау парақшалары жабыстырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен жақын маңдағы дүкендерден сұрастырылды. Өкінішке орай, әзірге нәтиже жоқ, - дейді  «VITA» іздеушілер жүйесінде.

 

Еріктілер егер де Сәуле Вайсованы көргендер болса, дереу келесі нөмірлерге хабарласуды  сұрайды:

 

+7 (747) 615 55 63 Катерина

+ 7 (777) 334 82 01 Светлана.