Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақсуда ер адамның өзін-өзі өртеуінен бір адам қайтыс болып, 13 адам жарақат алды

04 сәуір 2019, 11:02

Олардың төртеуі жансақтау бөліміне жеткізілсе, тағы бес адам иіс тиіп уланған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы жедел жәрдем медициналық көмек облыстық станциясында хабарлады.

«3 сәуір сағат 20:51-де Ақсу қаласының Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында жекеменшік үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп жетті», - деп хабарлады жедел жәрдем медициналық көмек облыстық станциясында.

Куәгерлердің айтуларынша, сол күні қайтыс болған ер адам жұбайының туған күні болған. Қонақтар дастархан басына жиналғаннан соң 50 жастағы отағасы үйден шығып кеткен. Соңыра оралған ол бес литрлік бензин канистрасымен үйге қайтып кіріп, балаларды үйден шығаруды өтінген. Жұбайы өтінішті орындағаннан соң ер азамат сіріңкені тұтатып, өзін-өзі өртеп жіберді.

Облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері ақпарат жеткізгендей, ер азаматты өз-өзіне қол жұмсауды болдырмауға тырысқан достарын жалыннан күйік шалып, олар Ақсудың орталық ауруханасына жеткізілді. Нәтижесінде үйдің иесі көз жұмып, 13 адам жарақаттанды: төрт адам жансақтау бөліміне жеткізілсе, бес ересек пен төрт бала ысты газбен уланды.

Өрт 30 шаршы метрлік ауданды шарпыды. Үш бөлмелі үйдің ас үйі, жиһазы, тұрмыстық техника мен үй заттары толығымен жанып кетті. Шатырдың бір бөлігі құлап түсті.

24.kz