Оқиға

Ақтау мал базарында жаппай төбелес болды – видео

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Ақтаудағы мал базарда ер адамдардың сөзге келіп қалуының соңы жаппай төбелеске ұласып, бірнеше қатысушы жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.

 

Ақтау мал базарындағы төбелес қатысушылары туралы видеоны Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

 

1 минут 40 секундтық видеода қауға сақалды бірнеше жігітті көруге болады. Олар келіспеушіліктің болғанын айтып, кешірім сұрайды. Сондай-ақ, кезекті бір кадрда егде жастағы ер адамның бірі: "Ол жігіттерді бұрыннан танимын. Басы тиіп кетті" деп айтады.

 

 

Ал тәртіп сақшылары жаппай төбелес ауызша қақтығыстан басталып кеткенін анықтаған.

 

"Оқиға салдарынан бір зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, оларды қосымша тергеу үшін бөлімшеге жеткізді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Аталған дерек облыстық полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелді.

 

Қазіргі кезде осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ал оқиға қатысушылары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 2215    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 16:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31