Оқиға

Ақтауда 13 жастағы жүргізуші үш автокөліктің соқтығысуына себепші болған (видео)

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Ақтауда 33 пен 34 ықшамаудандарының арасындағы жолда жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жол-көлік оқиғасы барысында Toyota Camry, Geely және Hyundai Accent автокөліктері соқтығысқан.


"Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.



Облыстық полиция өкілдері, атокөліктің артынан қуалады деген ақпаратты жоққа шығарды, алайда көліктердің бірін кәмелетке толмаған бала жүргізгенін айтты.


Оқиғаның мән-жайын дәрігерлер айтты.


Жол-көлік оқиғасы туралы хабар 9:21-де түскен.


"Біздің екі бригада үш минутта жіберіліп, бес минутта оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына келгенде төрт адам зардап шеккені анықталған, олардың біреуі - 1980 жылғы ер адлам оқиға орнында қайтыс болды".


Toyota Camry автокөлігін жүргізген 13 жастағы баланы полицейлер ауруханаға жеткізген. 1960 және 1986 жылғы екі әйелге медициналық көмек көрсетілді, олар облыстық ауруханаға жеткізілді.

 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 12:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31