Ақтауда әскери қызметші өз-өзіне қол салды

01 тамыз 2022, 19:44

Ақтаудағы 3502 әскери бөлімінде арнайы комендатураның қарауыл бастығы болып қызмет атқарған аға сержант А.М. 30 шілде күні сағат 03.30 шамасында үйінің дәретханасында асылып қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында тұратын оны жұбайы тауып алады.

 

Марқұм 1990 жылы туған, отбасылы, бір баланың әкесі екені мәлім.

 

Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

 

Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.