Ақтауда екі адамды жалаңаш шешіндіріп балғамен ұрып жазалаған

24 қыркүйек 2022, 15:19

Ақтауда екі адамды жалаңаш шешіндіріп балғамен ұрып жазалағандар қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін ғаламторда адамдар бейнесі анық көрінбейтін бейнежазба тарап, озбырлық оқиғасы жария болған еді. Онда бұзақылардың екі адамды шешіндіріп, жазалап жатқаны анық байқалды.

 

Осы оқиғадан кейін Ақтау қалалық ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері жағдайды анықтауға кіріскен.

 

"Тексеру барысында бетперде киген күдіктілер екі адамға зорлық көрсетіп, балғамен ұрған. Сонымен бірге басқа да бұзақылық деректері анықталды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғалып, күдікке ілінген төрт адам 2 айға қамауға алынды", — деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.