Ақтауда жанармай бекетінің маңында ер адамның мәйіті табылды

09 қазан 2021, 19:49

Ақтауда жанармай бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ақтау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09:29-да Ақтау полиция басқармасының "102" пультіне 8-шағынауданда орналасқан жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде қоңырау түскен.

 

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.