Оқиға

Ақтауда жәндіктерді улағау салдарынан екі адам көз жұмды

  • © CC0 / roegger

    © CC0 / roegger

Ақтаудың екі тұрғыны көршісі жәндіктерді улағаннан кейін көз жұмды.

 

Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, Ақтау қаласының тұрғыны көршілеріне ескертпестен жәндіктерді жою үшін қолданылатын "Квикфос" препаратымен дезинфекция жасаған. Ол пәтерді зарарсыздандырғаннан кейін үйден шығып кеткен.

 

"Біраз уақыттан кейін көршілердің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші пәтерлердің бірінде анасы мен қызы көз жұмды. Тағы алты адам шұғыл ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ақтау полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Бұл факт Ақтау полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 304-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша тіркелді.

 

Осы баптың төртінші бөлігінің санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

 

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 301    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30