Ақтауда жаппай төбелес болды

10 наурыз 2022, 19:21

Төбелес мейрамханада болып, бір адамды бірнешеуі жабылып ұрған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Ақтаудағы ықшамаудандардың бірінде төбелес болып, бейнежазбаға түсіп қалды. Әзірге оқиғаға қатысқандар туралы ақпарат жоқ.

 

Желіде тараған бейнежазбада 7 және 7А ықшамаудандары аралығындағы жол үстіде бір топ адамның төбелесіп жатқаны байқалады. Түсіріп тұрғандар соққының астында қалған адамға жанашырлық танытып жатады. Алайда төбелеске қатысқандардың кім екені әзірге белгісіз. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысты қысқа ғана пікір білдірді.

 

Ескерту: видеода бейпіл сөздер кездеседі!

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=0580803c-86d7-45d8-87e9-2b370db71577&amp;fpc=fd00182c-7cf7-487b-beb4-2cb6f9dfd29f" class="aitube-embed" width="500" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

 

"Қазір оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", — дейді Маңғыстау облыстық ПД ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева.