Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелесті (видео)

14 қазан 2021, 18:01

Куәгерлер Ақтаудағы жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсірді. Оқиға туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 және 28 шағынаудандар арасында болған төбелес туралы хабарлама 13 қазанда сағат 23.38-де түскен.

 

 

 

 

"Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен келген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

 

Полиция барлық бейнебақылау камералары зерттелетінін, қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Еске салайық, тамыз айының соңында Ақтауда 6-шағын аудандағы № 22 және № 23 үйлер арасында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды.