Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды

09 маусым 2022, 15:59

Айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіле бастады», - делінген ПД хабарламасында.

 

Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.