Оқиға

Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

  • Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

    Ақтауда мейрамхана иесі той жасағаны үшін 640 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді

Маңғыстауда карантин кезінде той өткізгендерге айыппұл салынды. Бұл жөнінде облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Ақтау қаласында өткен тойдан түсірілген видеоматериал фактісі бойынша жергілікті полиция қызметі мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері салтанатты шараның өткен орны мен оның иесінің кім екенін анықтады. Аталған басқарма тойхананың иесін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қозғап жатыр. Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған шараны ұйымдастырушыларды анықтау үшін жұмыс жүргізуде», - дейді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы энергетика басқармасының қызметкеріне қатысты көпшілік шараны өткізу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы жағдай бойынша қазір Маңғыстау облыстық әкімшілігіне және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментіне одан әрі шара қолдану жөнінде ресми хат жолданды.

Сонымен қатар той өткізілген орынның меншік иесіне қатысты да хаттама толтырылып, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.




Көрілген: 233    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 09:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31