Оқиға

Ақтауда өзгенің көлігін айдап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады

  • https://news.1777.ru/

    https://news.1777.ru/

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен қаладағы көлік жуу орындарының бірінде онда келушілермен бірге демалып жүрген. Бір кезде ол біреудің көлігіне мініп алып, оны айдап әкетті.

Одан кейін жол-көлік апатына түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада-ға сілтеме жасап.

 

Ведомстводан хабарлағандай, сағат 06:00-де кезекшінің пультіне қаланың 33-ші шағынауданында жол талғамайтын көліктің апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түскен.

 

«Оқиға орнына шұғыл түрде Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты. Көлікті басқарған бойжеткеннің мас болғаны анықталды. Ол жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.

 

Бұзақыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару) және 610-бабы (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды.

 

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31