Оқиға

Ақтауда полицейлердің мас әйелге қатысты әрекетіне жұрт наразылық білдірді (видео)

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әлеуметтік желіде әйел адамды полиция машинасына күштеп отырғызбақ болған полицейлердің видеосы пайда болды. Өз кезегінде келіншек те полицейлермен жаға жыртысқан. Болжам бойынша, аталған видео Ақтау қаласында түсірілген. Көпшілік әйелді балаларының көзінше жұлқылаған полицейлердің әрекетіне наразылық білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Видеодан полицейлердің әйел адамды балаларының көзінше жұлқылап, шашынан тартқылағанын байқауға болады.


Келіншектің балалары оқиға орнында шырылдап жылап тұр. Бұған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.


"Сағат кешкі алтыға таман 102 кезекші бөліміне 26-шы мөлтекауданнан қоңырау түсті. Телефон шалушылар үй ауласында кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелдің мас күйінде жүргенін хабарлаған. Әйел адам балаларын қараусыз қалдырған, олардың қарны аш. Аталған орынға келген полиция қызметкерлеріне әйел адам бағынбай, полицейлерді балағаттап, оларға қарсы күш көрсете бастады.

Бүгінде әйелдің бір баласын полиция қызметкерлері балалар ауруханасына жатқызды. Ал екі бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліп, тамақтандырылды. Бұрын аталған азаматша бірнеше рет әкімшілік және қылымыстық жазаға тартылған.

Аталған іс бойынша хаттама толтырып, әкімшілік сотқа жөнелтіледі. Сондай-ақ, келіншекті аналық құқығынан айыру мәселесі де қаралып жатыр" , - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.


Желі қолданушылары балалардың көзінше әйел адамға бұлай қол жұмсаудың дұрыс еместігін жазуда.


"Балалардың көзінше бұлай істеуге болмайды! Қандай болса да ол ана ғой", "Полицейлерді ақтауға болмайды. Олар бәрібір кәсібилік көрсетпеді" , - деп жазуда желі қолданушылары. 



 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30