Оқиға

Ақтауда тапа-тал түсте бір жігітті көлікке күштеп салып әкеткен кімдер? (ВИДЕО)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ақтауда белгісіз біреулердің тапа-тал түсте көшеден бір жігітті ұрлап жатқан сәттері видеоға түсіп қалған. Олар оны жолда автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, inAktau.kz-ке сілтеме жасап.

 

Оқиға 20 наурызда 12-ші, 13-ші және 17-ші шағын аудан арасындағы қиылыста болған. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі лезде тоқтап, ішінен бірнеше ер адам шығып, жігіттің артынан қуа жөнелген.

 

«Ерлердің бірі оны ұстап алды. Жігіт жылап, айналадағы адамдардан көмек сұрады. Сосын оны көлікке қинап салды да, бір жерге алып кетті. Жігітке не болары белгісіз. Өйткені, олар оның танысы немесе туысы емес екені анық көрінеді», - дейді куәгерлер.

 

Ал Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

 

Видео:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 1847    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31