Ақтауда теңізге батып кеткен студенттің TikTok-тағы видеосы пайда болды

08 маусым 2022, 16:14

Ақтаулық құтқарушылар теңізге батып кеткен 18 жастағы студенттің денесін тапты. Ол теңізде сүңгіген видеосын Желіде жарияламақ болған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда ақтаулық жігіттің теңізге секіргенін байқауға болады.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, суға батып кеткен жігіт өлі табылған. 8 мусымда сағат 7:33 шамасында сүңгуірлер 2004 жылы туған студенттің денесін алты метр тереңдіктен алып шыққан.

 

Еске салайық, 7 маусымда Ақтауда Бейнеу ауданының тумасы, қаладағы колледждердің бірінде 1-курс оқитын студент теңізге батып кеткені хабарланған болатын.