Ақтауда удай мас еркек 9 қабаттан секірмек болды

02 тамыз 2022, 11:08

Оқиға Ақтаудағы сегізінші шағын ауданда кешкі сағат 20:35 шамасында болған, деп хабарлайды Экспресс К. 

Ақтауда тоғызыншы қабаттан секірмек болған тұрғынның әрекеті видеоға түсіп қалды. Онда ол балконның қоршауына шығып алған және әр бері теңселіп қояды. Куәгерлердің айтуынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам қатты мас болған.

Lada.kz сайтының жазуынша, суицид жасамақ болған еркекті өзге тұрғын құтқарып қалған.