Оқиға

Ақтаудағы итбалықтардың өлексесіне қатысты министрлік түсініктеме берді

  • Ақтаудағы итбалықтардың өлексесіне қатысты министрлік түсініктеме берді

    Ақтаудағы итбалықтардың өлексесіне қатысты министрлік түсініктеме берді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті Каспий жағалауынан табылған өлі итбалыққа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Итбалық табылған жерге жедел түрде басқарма басшысы А. Шихметов бастаған Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы басқармасының мемлекеттік инспекторларынан құрылған топ жіберілді. 

 
"Оқиға орнына келген кезде итбалықтың денесі табылды. Құйрығы түксіз, ыдырау күйінде болды. Алдын ала ақпарат бойынша, жануар бірнеше ай бұрын теңізде өлген, кейін теңіз дауылымен Ақтау қаласы маңындағы жағалауға шығып қалған", - деп түсіндірді ведомство.

Жануардың денесінде балық аулау құралдарының ізі, тұншығу, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

"Сол себепті табиғатты қорғау полициясы мен ветеринарлық қызмет өкілдері оқиға орнына шақырылмады. Желіде тараған ақпаратта итбалықтың айналасы қан екені айтылады. Бірақ оның қан емес, күн сәулесі әсерінен жануардың денесінен ағып жатқан тері астындағы май екенін хабарлаймыз", - деп хабарлайды экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Еске салсақ, Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі итбалық туралы ақпарат 18 шілде күні Instagram-да пайда болды.




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30