Оқиға

Ақтаудағы жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды

  • https://24.kz/kz/

    https://24.kz/kz/

Ақтаудағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Қазір апатты жағдайдың себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша дәмхана қызметкері газ баллонын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін ескермеген болуы мүмкін. Өңірде жарылысқа қатысты жедел штаб құрылып, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

 

 

7 қыркүйек күні кешкі сағат 21.00 шамасында Ақтау қаласының «Шерқала» кешенінде болған жарылыс салдырынан екі қабатты дәмхананың түгі қалмай, қирап қалды. Дүкен, сауна, мейрамхана орналасқан кешенде қазір авариялық-құтқару қызметі мен кинологтардан құралған 50 адам жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірушілер әзірге 2 газ баллонын тапқан. Төтеншеліктер үйінді астында әлі де газ баллондары болуы мүмкін дейді.

 

«Сыйымдылығы 50 литрлік қосымша 2 газ баллоны бар екені расталды. Жарылыс орнын жою бойынша жұмыстар жалғасуда. Жою аяқталғаннан кейін, тиісті сараптамалар жүргізілетін болады», – деді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Жаңабаев.

 

Кәсіпкерлік нысанның жалпы аумағы – 2,5 мың шаршы метр. Жарылыс соның 200 шаршы метр бөлігін қамтыған. Сондай-ақ, сол мезетте жол бойында өтіп бара жатқан 10 автокөлікке зақым келіпті. Сондағы дәмхана иесінің айтуынша, қызметкерлер кешкі сағат 18.00 шамасында үйіне кеткен. Апатты жағдай арада 3 сағат өткеннен кейін болыпты. Нысан қожайыны 2 қабатты дәмхананы жалға алып, жұмыс істегенін айтады.

 

«Қасымда токарь мен электрик бар, екінші этажда тігін цехы бар, оларды білмеймін, оларға жауап бере алмаймын. Менің кафемде адам болған жоқ. Оны өзім сағат 19:30-да жауып кеткенмін», – деді дәмхана иесі Абай Әміреев.

 

Айта кету керек, төтенше жағдай бойынша Қылмыстық кодектің 292-бабына сәйкес іс қозғалды. Маңғыстау облыстық Полиция департаментің хабарлауынша, қылмыстық іс өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісімен тіркелген. Осыған байланысты оқиға орнында 150 полиция қызметкері мен патрульдік полицияның 44 экипажы жұмыс істеп жатыр.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.11.2021, 00:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31