Ақтөбе облысының Байғанин ауданының тұрғыны жүк вагонынан қиыршық тас түсіру кезінде көз жұмды. 35 жастағы ер адамның басы арнайы ашылатын есік пен дөңгелектің арасына қысылып қалған.
Қайғылы оқиға Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында болған. Ер адам облыста салынып жатқан “Ақтөбе-Атырау” жолына қажетті қиыршық тасты вагоннан түсіру кезінде қайтыс болған.
- Ер адам 12 қыркүйекте жүк вагондарының арнайы ашылатын есігі мен дөңгелегі арасына қысылып қалған. Оқиға Байғанин ауданы Қараукелді ауылында вагонннан зат түсіру тіркелді. Ауыл тұрғыны алған дене жаратынан көз жұмды,-деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша (қауіпсіздік техникасын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде