Оқиға

Ақтөбе облысындағы шахтада мерт болған төрт адамның мәйіті сыртқа шығарылды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ақтөбе облысындағы кен шахтасында болған оқыс оқиғада мерт болған 4 азаматтың мәйіті шығарылды. Полицейлер мен құтқарушылар шахтаға жер астында жүргізілген желдету жұмыстарынан кейін ғана түсе алған.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, қаза тапқандар бір жарым шақырым тереңдіктен табылды.

 

Алдын ала болжам бойынша жұмысшылар белгісіз бір газдан уланған болуы мүмкін.

 

Марқұмдардың қаза болу себебін құзырлы орган өкілдері анықтайтын болады. Қазір полицейлер бұл дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 156, «еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғап, тергеуге кірісіп кетті.

 

Естеріңізге сала кетсек, кеше кешкілік Хромтау ауданында орналасқан «Весенняя Аралчинская» шахтасындағы төтенше оқиғадан 4 жұмысшы көз жұмған болатын. Сол жерде болған тағы бір азамат дәрігерлердің бақылауынан кейін үйіне қайтарылды. 

 

Қайрат Қасым, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

 

- Бір жарым шақырым тереңдікте жарылыс жұмыстары жүргізілген. Қаза тапқан азаматтар да сол жерден табылды. Денелерінде механикалық жарақаттың ізі байқалмайды. Күйік шалып немесе топырақ астында көміліп қалмаған. Барлығы да Ақтөбе мыс компаниясының жұмысшылары. Бірі тау ісі шебері болса, екеуі жарылысшы, тағы біреуі жүргізуші боп еңбек еткен.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31