Оқиға

Ақтөбе зауытындағы төрт жұмысшының өлімі: үш адам ұсталды

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Ақтөбе хром қосындылары зауытындағы төрт жұмысшының өлімінен кейін үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Атап айтсақ, учаске шебері, бөлім бастығы және № 4 цех бастығы ұсталды, оларға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Барлық сараптама тағайындалды, қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар, наряд беру журналдары, лауазымдық нұсқаулықтар алынды.

 

Одан әрі тергеу жүргізілуде.

 

28 мамырда Ақтөбе хром қосындылары зауытында бұған дейін гидроксил сақталған 50 текше метрлік сыйымдылықты тазарту жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері бұзылды.

 

Соның салдарынан 4-ші зауыттың төрт жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды. Олардың денесін күйік шалып, уланып қалған. Екі қызметкер Ақтөбедегі ауруханаға жатқызылды.

 

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-тармағы "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Бұл бап бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

 

sputniknews.kz

 

 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 20:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31