Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде 15 жастағы қызбен интимдік қатынасқа түскен бозбала сотталды

24 қараша 2020, 14:11

Ақтөбеде 17 жастағы жігіт 15 жастағы сүйіктісімен интимдік қатынасқа түскені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Кәсіптік лицейдің 2 курс студенті жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Ол үш айдан бері тергеу изоляторында қамауда отырған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы 3 бөлім 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, бүгін үкім шықты.

 

"Жаза тағайындалғанда сотталушының кәмелетке толмағандығы ескерілді. Жазасын ауырлататын жағдай анықталған жоқ. Бұрын сотталмаған. Жәбірленушімен татуласқаны және бас бостандығынан айырмауды сұрағаны ескерілді", - дейді судья Қиятбек Мырзабеков.

 

Айта кетейік, оқиға шілде айында жас ғашықтардың үйден қашып кетуінен басталған. Ата-аналарының ескертуіне қарамастан олар үйде бірнеше рет түнемеген. Қос ғашық отбасын құрғылары келгенімен, оған ата-аналары рұқсат бермепті.

 

Кейінірек, қыздың анасы полицияға шағым түсіріп, сараптама жасатқан.

 

Алайда заңның балаларға қатал болатынын білмеген оқушының анасы сараптама жасатқанына өкінетінін айтқан болатын. Тіпті екі тарап та ғашықтардың үйленулеріне қарсы еместіктерін жеткізген.

 

Кейінірек, қос жасөспірімнің ата-аналары кешірім беруді сұраған еді. Сол кезде Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іс аса ауыр қылмыс түріне жататынын айтқан болатын.