Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде 16 жастағы қызды топтасып зорлаған

17 наурыз 2023, 08:32

Ақтөбе облысының Полиция департаменті Ақтөбеде 16 жастағы қызды топтасып зорлау оқиғасы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"16 жастағы қыз жаман ортаға түсіп, ересек ер адам оны жыныстық қатынасқа тартқан. Біраз уақыттан кейін басқа ер адам оны жыныстық қатынасқа түсуге көндірген. Жағдай өте қиын. Анасы полицияға екі аптадан кейін арыз берген", - деді "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

 

Оның айтуынша, қыз әкесінің өлімінен кейін күйзелісте болған.

 

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қалалық ПБ №2 полиция бөлімі дерек бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

"Күдікті анықталып, жауап алынды. Сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полициядағылар.