Оқиға

Ақтөбеде 17 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіт жоғары қабаттан секіріп, көз жұмды

  • https://www.lada.kz/

    https://www.lada.kz/

Ақтөбеде 17 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіт жоғары қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

21 қараша күні Ақтөбе қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына қала тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтқан.

 

Ал 22 қарашада сағат 7:00-де қаладағы 11-ықшамауданда орналасқан №112 «В» үйінің ауласынан екі жас адамның мүрдесі табылған.

 

Тексеру кезінде оның бірі жоғалған 17 жастағы қыз және оның 18 жастағы досы екендігі анықталды. Қыз бен жігіт 25 қабатты үй кіреберісінің балконынан секірген.

 

 «Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке заттарын тәркіледі. Өз-өзіне қол салу фактісінің себебін анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркелді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

«Құрбы-құрдастары немесе ата-аналары арасында болатын жанжал, болашақ үшін қорқыныш және жалғыздық сезімі қайғылы жағдайға себеп болып жатады. Ата-аналар бала бойындағы өзгеріске бірден назар аударуы керек. Өзара әңгімелесіп, сөйлесу, мәселелерді талқылау, оларды шешуге үйрету, баланың өмірге құштарлығын оятуы тиіс. Егер сіздің қолыңыздан келмесе, мамандардан көмек сұрауға қымсынбаңыз», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

 

 




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 21:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31