Оқиға

Ақтөбеде 22 вагон рельстен шығып, жанармай төгілді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақтөбеде 22 вагон рельстен шығып, жанар-жағармай жерге төгілді. Экологтар топырақтан сынама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Ұлпан станциясында 22 вагоны рельстен шығып кетті. Жедел түрде оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК АҚ-нан 65 қызметкер және 2 қалпына келтіру, 2 өрт сөндіру пойызы, төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 Рельстен шыққан 13 цистернаның жетеуіндегі бензин, дизельді отын төгілді.

 

Осы оқиғаға байланысты экологтар да тергеуді бастады.

 

«Ақтөбе облыстық экология департаментінің мамандары оқиға орнына барды. Тексеру кезінде дизельді отын мен бензиннің төгілгені анықталды. Ластанған жер көлемі өлшенді. Есеп бойынша 945 шаршы метр аумаққа жанар-жағармай төгілген. Топырақ сынамасы да алынды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы басталды. Жоспардан тыс тексерудің қорытындысы қосымша хабарланады», -деді облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 03:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30