Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде 9-шы сынып оқушысын ұрып өлтірді

23 желтоқсан 2022, 14:43

11-ші сынып оқушылары 14 жастағы жасөспірімнің денесіне жарақат салмай ұрған. Оқушы алған соққыдан үйіне жете алмай көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 20 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тіркелді.

Ауданан 100 шақырым жердегі Бегімбет ауылында 11-сынып оқушылары 9-сынып оқушысына әлімжеттік жасаған.

ORDA.kz-ге оқиғаны марқұмның туысқаны баяндап берді.

 

– Інім сол күні кешкі сағат 10:30 шамасына ата-анасына үйге келе жатқанын хабарлаған. Кейін денесін алып келді. 11 класс оқушылары ұрған, тепкен. Інім жуас, ешкімге тиіспейтін. Жоғары класс оқушылары ұрып кетіп қалғаннан кейін інім қасындағы досына өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Өздері ауылдың медбикесіне апарады. Сол аралықта жан тапсырады. Денесінде көзге көрінетін жарақат жоқ. Ішкі құрылысы зақымданған. Бауырын езіп жіберген, – дейді марқұмның туыс апасы Гүлмира Базарбаева.

 

Оқиға туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлі ақпарат берген жоқ.