Оқиға

Ақтөбеде автобуста кондуктор мен жолаушы төбелесті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ақтөбеде 18 маусымда № 22 бағытында жүретін автобуста кондуктор мен жолаушы төбелесті "Мой ГОРОД".


Екі әйелдің айтуынша жанжал қайтарым ақша үшін болған.


Жолаушы жол ақысы ретінде 1000 теңге берген. Кондуктор оған 920 теңге қайтарған. Біраз уақыттан соң жолаушы әйел қалтасынан майда 80 теңге тауып, кондуктордан тұтас 1000 теңгені қайтаруын сұраған. Осы кезде әйелдер арасында жанжал шығып, төбелеске айналған.


Қоғамдық көлікте отырғандардың барлығы осыған куә болған және біреуі видеоға түсіріп те үлгерген.


Автопарк өкілдері осы жағдайға қатысты ішкі тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. Тексеру аяқталғанға дейін кондуктор жұмыстан шеттетіледі.


"Біз ешкімнің жағына шықпаймыз. Біз қоғамдық көлікте жанжал болмағанын қалаймыз. Кондуктормен сөйлестік. Ол бізде он жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұрындары оның атына ешқандай шағым түскен емес. Қандай жағдай болмасын адам өзін ұстауы керек. Оны жұмыстан шығару мәселесі қаралып жатқан жоқ. Тексеру жүріп жатыр", - деді "Автопарк" ЖШС заңгері Руслан Жылмақанов.



Тengrinews.kz


 




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 18:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31