Ақтөбеде балақайды ит талап тастады (фото)

20 ақпан 2022, 13:41

Ақтөбенің Қурайлы ауылында баланы ит қауып алған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларға жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Раушания Шайгузова есімді тұрғын ит қапқан баланың суретін өзінің instagram-дағы парақшасына салыпты.

 

Суретте баланың беті бірнеше жерден тілініп кеткен. Тұрғынның жазуынша, оқиға кеше Қурайлы ауылында болған. Сабақтан қайтып келе жатқан балаға ит шабуыл жасайды.

 

Айтуынша, бұл Қурайлыдағы бірінші жағдай емес. "Балаларымыз үшін алаңдаймыз" деген тұрғын қаңғыбас иттерге үлкендердің өзі әлі келмейтінін айтады. Жергілікті әкімдіктен бір шара қолдануды өтініпті.

 

Әлеуметтік желідегі парақшаларға баланың суреті тарап кетті. Жұртшылық түрлі пікір қалдырған. Көпшілігі қазір қалада қаңғыбас иттердің қаптап кеткенін айтыпты.