Ақтөбеде не болды?. Тұрғындардан көшеге шықпауды сұрады (видео)

25 қазан 2021, 22:01

 Ақтөбеде қоқыс полигонында шыққан өрт салдарынан қала түтінге оранды. Жергілікті тұрғындарға аса қажеттілік болмаса далаға шықпау ұсынылды.

 

25 қазанда Ақтөбенің түрлі аудандарында түтін байқалады, деп хабарлады жергілікті "Мой город" порталы.

 

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қалада тағы да қоқыс полигоны жанғанын хабарлады.

 

"24 қазан сағат 15:03-те қаладағы қоқыс полигоны өртенді. Жалынды сөндіру үшін оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері, 9 автоцистерна, сондай-ақ "Табыс Ақтөбе" ЖШС бульдозері мен камаз жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

 

Өрт 25 қазанда сағат 6:30-да сөндірілді. Өрт аумағы 1 200 шаршы метрді құрады, бірақ жел бағытының өзгеруіне байланысты қала аудандарының бір бөлігіне түтін жайылды.

 

Өрт сөндіру бөлімшелері өрт шыққан жерлерге топырақ тастау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлады департамент.

 

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қатты түтін болған кезде сақ болуды және аса қажет болмаса, сыртқа шықпауды сұрады.

 

 

 

sputnik.kz