Оқиға

Ақтөбеде екі аптадан бері іздеуде жүрген аяғы ауыр әйел базардан табылды

  • Ақтөбеде екі аптадан бері іздеуде жүрген аяғы ауыр әйел базардан табылды

    Ақтөбеде екі аптадан бері іздеуде жүрген аяғы ауыр әйел базардан табылды

Ақтөбе екі аптадан бері хабарсыз кеткен аяғы ауыр келіншекті полиция қызметкерлері туыстарымен қауыштырды. 32 жастағы үш баланың анасы орталық базар маңында жүрген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.


«Жоғалған Дирана Зарипова табылды. Оны іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері бағыт-бағдар хабарламасын беріп, тума-туыс, таныстарын аралап шықты. Келіншек бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.


Осыған дейін аяғы ауыр келіншекті туыстары екі аптадан бері таба алмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Динара Зариповаға іздеу салған сіңілісі де әпкесінің табылғанын қуана хабарлады.


«Табылды, қуанып жатырмыз. Көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Кішкене ренжіп кетіп қалған. Қазір жолдасы қасында, бәрі жақсы», - дейді сіңілігі Гүлмира Зарипова.

Жүктіліктің бесінші айлығында жүрген келіншек туысының үйінен 5 наурыз күні кешкілік шығып кеткен.




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 19:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31