Ақтөбеде ер адамның әйелді кірпішпен қуған видеосы тарады

31 тамыз 2023, 16:31

Әлеуметтік желіде ер адамның әйелді кірпішпен қуып келе жатқанын видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 29 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында болған.

32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында азаматшаны  боқтап, балағаттап қоғамдық тәртіпті бұзған.

 

Аталған дерек бойынша Шалқар қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп бұзушы Шалқар ауданы ПБ арнайы бөлмесіне уақытша қамалды.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz