Оқиға

Ақтөбеде жазғы лагерь тәрбиешісінің үстінен тергеу басталды

  • http://akbobek.education

    http://akbobek.education

Ақтөбеде ата-аналардың арызы бойынша «Ақбөбек Восток» лагеріндегі жас тәлімгердің үстінен тергеу басталды.


«Ақбөбек Восток» лагеріндегі тәлімгердің қысым көрсеткенін айтқан жеті бала үйлеріне кетіп қалған. Кейін оның үшеуі лагерьге демалуға қайта барған.


«Облыстық білім басқармасы мониторинг жүргізу үшін комиссия құрды. Комиссия құрамында ардагер педагог, басқарма қызметкерлері бар. Ата-аналардың арызы бойынша құқыққорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Ал біз арызды әлеуметтік желі арқылы біліп, тексеруге бардық. Тәрбие, тұрмыстық жағдайы (лагерьдің – авт) қаралды. Шағым айтқан балалардың жасы 10-12-де. Негізі «би кешіне жібермеген соң түсініспеушілік туған» деп айтылып жатыр. Бұл жағдай бойынша ауруханаға барған ешкім жоқ», - деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрхожаева.


«Ақбөбек Восток» лагерінің басшысы Айболат Ташкенбаев әзірге нақты ақпарат бере алмады. Тек полицияның тергеуді бастағанын хабарлады.


Әрі мұндағы 50 бейнекамераға тәрбиешінің оғаш қылығы түспеген.


«25 шілде күні Ақтөбе полиция басқармасының Жедел басқару ортылығына лагерьдегі жас тәрбиешінің балаларға тиіскені туралы ақпарат келіп түсті. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


ktk.kz


 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31