Оқиға

Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбе-Орынбор тасжолында көлік аударылып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мәртөк ауданының Жайсаң ауылынан 3 шақырым жерде «Лада-21705» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, темір жол қоршауына соғылып, қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, аударылған. 35 жастағы жүргізуші әйел мен екі жолаушы көз жұмды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды.

 

«Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Жол-көлік оқиғаларын талдау кезінде апаттардың негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін елемеуінен болатыны белгілі болды. Негізінен жол-көлік оқиғасы салдарынан кішкентай балалары бар адамдар көз жұмып жатады», - дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

 

Жыл басынан бері облыста 235 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 44 адам қаза тапты, 320 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31