Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

20 желтоқсан 2022, 16:59

19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабар келіп түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.

Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады.

 

ҚР ҚК-нің 100-бабы "Ананың жаңа туған баланы өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.