Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды

09 маусым 2022, 09:30

«Мерседес» көлігін мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған депутат Ербол Қасымғали көлік жүргізу құқығынан ғана емес, Ақтөбе мәслихатындағы орнынан да айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

"Диапазон" порталының жазуынша, 20 мамырда полицейлер халық қалаулысы мінген көлікті тоқтатқан. Медициналық тексеруден өту барысында жүргізушінің мас болғаны анықталды.

 

Іс сотқа жіберілді. Депутат өз кінәсін мойындамады. Сараптама нәтижесімен келіспейтінін айтып, оған қайтадан процедурадан өту құқығы түсіндірілмегенін айтты.

 

"Сотта жүргізушінің әкімшілік құқықбұзушылық кінәсі дәлелденіп, Ербол Қасымғалиды 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды", - делінген хабарламада.

 

Болған жайттан кейін Ербол Қасымғали депутаттық мандатын өткізіп берген.