Ақтөбеде отқа оранған гараждың ішінен бір адамның денесі табылды

09 қазан 2021, 22:37

Ақтөбеде қараусыз қалған гараж жанып, бір адамның денесі табылды. Қазір оның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оқиға Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов көшесінде болған.

 

Мұнда қараусыз қалған гараждан өрт шығып, оқиға орнына 12 адам мен 3 техника жіберілді.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданы 60 шаршы метр болатын гараж жанған. Бұл қараусыз қалған нысан.

 

Өрт жарты сағатта сөндірілді.

 

«Өрт сөндірілген соң қызметкерлер гараждың ішін қарап шықты. Онда ер адамның денесі табылды. Оттың қалай тұтанғаны тексеріліп жатыр»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.