Оқиға

Ақтөбеде өзбекстандықтар қаза болған жерде Қырғызстан азаматтары апатқа түсті

  • © pixabay.com

    © pixabay.com

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қалыбай аулының тұсында тағы жол апаты тіркелді. Қайғылы оқиға Өзбекстан азаматтары автобус ішінде өртеніп кеткен тұстан 10 шақырым жерде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Жол-көлік оқиғасы 26 тамыз күні таңғы сағат 7:30-де "Самара – Шымкент" тас жолының 1053-ші шақырымында болған.


Жол апатына түскен "Тойота Альфард" жеңіл көлігінде сегіз Қырғызстан азаматы болған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.


"Жүргізушінің рөлге ие болмауынан көлік аударылған. Жол көлік оқиғасы кезінде бір Қырғызстан азаматшасы көз жұмды. Жолаушылардың барлығыда Қырғызстан азаматы. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Жолаушылардың арасындағы 12 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Баланың сан сүйегі, иық сүйегі сынған


"Жол-көлік оқиғасынан жеті адам жеткізілді. Оның бесеуі аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Жолаушылар жабық бас миының жарақатын, бас миының соғылуы секілді жарақаттар алған. Ем алып жатқан екі әйел адамның жағдайы ауыр", - дейді Ырғыз аудандық ауруханасының реаниматолог Мәди Күшенов.


Айта кетейік, 2018 жылы "Самара – Шымкент" тасжолының 1068-ші шақырымында автобусқа отқа оранып, 52 өзбек азаматы көз жұмған еді.


 


 




Көрілген: 1477    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 16:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30