Оқиға

Ақтөбеде полицей әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Ақтөбеде полицей әйелді қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жол-көлік оқиғасы 15 сәуірде шамамен 00:30-да Рысқұлов даңғылының бойында болған. Авто жүргізушісі әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан 55 жастағы әйел сол жерде қайтыс болған.


"Полиция қызметкерлері автокөліктің бөлшектері арқылы автоның маркасын және түсін анықтады. Осы ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын егжей-тегжейлі тексеру кезінде жеке автокөліктің мемлекеттік нөмірі анықталды. 17 сәуірде аталған қылмысты жасағаны үшін күдікті ретінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 41 жастағы полиция қызметкері ұсталды. Ол бірден жол апатына кінәлі екенін мойындады. Ол тергеу изоляторына қамалды", - деді полиция өкілдері.


Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысының полиция департаменті өз қатарында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар жүргізіп тұрады екен.


"Полицей қылмыс жасаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деді ПД өкілдері.


 




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 15:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31