Оқиға

Ақтөбеде полицей ішімдікке тойып алған ата-ананың екі айлық баласын алып кетті

  • Ақтөбеде полицей ішімдікке тойып алған ата-ананың екі айлық баласын алып кетті

    Ақтөбеде полицей ішімдікке тойып алған ата-ананың екі айлық баласын алып кетті

Ақтөбеде ювеналды полиция инспекторы түні бойы мас ата-ана қараусыз қалдырған баланы бағумен болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екі айлық қыз түнгі сағат үштен бастап полиция бөлімінде болған.

 
Осы уақыт ішінде ювеналды полиция инспекторы Ұлан Ешанов сәбиге қараумен болды. Баланы дәріханадан алған қоспамен тамақтандырып, жөргегін ауыстырды. 

"Олар (қыздың ата-анасы) мас күйінде ұйықтап, баланың қатты жылағанына назар аудармаған", – дейді инспектор.

Полицияға жағдай туралы көршілері хабарлаған. Енді инспектордың айтуынша, сәбидің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

"Оларды алдымен есепке аламыз. Содан кейін ата-ана құқығынан айыру бойынша құжаттар жиналады. Барлық материалдар сотқа жіберіледі", – деді Ұлан Ешанов.

Белгілі болғандай, баланың туу туралы куәлігі болмаған. Тіпті анасының жеке куәлігі де жоқ. Полицейлердің айтуынша, әйел алкоголь мен есірткі тұтынады. 

Жедел медициналық жәрдем дәрігері Райхан Қазиеваның айтуынша, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Болашақта толық тексеруді қажет етеді.

Екі айлық қыз уақытша балалар үйіне орналастырылды. Онда ол ата-анасымен мәселе шешілгенге дейін қалады.




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

сенбі, 31.07.2021, 02:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30